Құрметті клиенттер, біз сіздерді «LORD» қырынуға арналған сабынының сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Біздің өнім Сізге ұнайды деп үміттенеміз.

Біздің «LORD» қырынуға арналған сабыны сізге нәзіктік пен күтім беру үшін сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасалған.

Егер Сізде сұрақтар туындаса, бізге хабарласуыңызды сұраймыз.

Біздің мақсатымыз – Сізге бет терісін күтуге арналған ең жақсы табиғи өнімді ұсыну.

Біздің өнімді таңдағаныңыз үшін рахмет!

ҚҰРМЕТТІ КЛИЕНТТЕР

Біздің қырынуға арналған сабын — бет терісін кептірмей әрі тітіркенусіз мінсіз тегіс қырынуға мүмкіндігін береді.

«LORD» қырынуға арналған сабыны өзің құрамындағы табиғи майлар мен сығындылар арқылы бет терісін ылғалдандырады және нәрлендіреді. Оның қалың көпіршігі тегіс және қолайлы әрі жұмсақ қырынуды қамтамасыз етеді. Қырынуға арналған сабынның жағымды хош иісі арқылы бет теріңіз сергек әрі тартымды болады. Біздің қырынуға арналған сабынымызды қолданып көрсеңіз өкінбейсіз.

«LORD» қырынуға арналған сабынының негізгі артықшылықтары:

• Табиғи компоненттер: біз қырыну кезінде теріні нәрлендіретін және ылғалдандыратын ең жақсы табиғи майлар мен сығындыларды ғана қолданамыз.

•   Ерекше көбік: біздің сабын бет қылтығын  жұмсақ әрі тегіс қырынуды қамтамасыз етеді.

•  Әмбебаптық: бет терінің барлық түрлеріне қолайлы. 

  «LORD» қырынуға арналған сабынын қолданған клиенттердің пікірлері осы сабыннның қырынуға арналған ең тамаша құрал екеннін растайды.

ҚЫРЫНУҒА АРНАЛҒАН  LORD САБЫНЫ

LORD қырынуға арналған сабынының артықшылығы – қолданыстан кейін бет терісінің балғын әрі жұмсақ қылып, қандайда бір тітеркенуді болдырмайды. Бет терісін ылғандандырып құрғатпайды.  Бұл сабынды қолданған сайын қырынудан кейін бет терісі жасарады.

LORD қырынуға арналған сабыны бет терісін күтуге арналған жоғары сападағы өнімдерді таңдай білетін адамдарға арналған. LORD қырынуға арналған сабынны жағымды, сергітетін хош иісі бар. Қою әрі қалың көпіршіктену ерешлегі бар. Сонымен қатар, теріні қорғайды, қылшықтарды жақсы жұмсартып, ұстарының оңай сырғуын қамтамасыз етеді. Түймедақ, қырмыз, алоэ вера, жожоба және кокос майының сығындылары терінің ылғалдылығын сақтауға және бет терісінің тозуын болдырмауға көмектесетін ылғалдандыратын қасиеттерге ие, терінің тітіркенуі мен қызаруын кетіруге, жараларды емдеуге және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Құрамдарында бет терісінің ерте қартаюын тежейтін антиоксиданттар бар.

Біздің LORD қырынуға арналған сабынның құрамындағы табиғи бал бет терісінің күйін жақсартуға көмектесетін табиғи ылғалдандырғыш және антиоксидант болып табылады. Оның құрамында көптеген пайдалы заттар, мысалы, фруктоза, глюкоза, дәрумендер мен минералдар жараның жазылуына ықпал етеді және қабынуды азайтады. Сонымен қатар, бал теріні ылғалдандыруға, оны жұмсартуға және әжімдерді азайтуға көмектеседі.

«LORD» ҚЫРЫНУҒА АРНАЛҒАН САБЫНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ

Түймедақ (матрикария) косметология мен медицинада қолданылатын ең танымал шөп өсімдіктерінің бірі болып табылады. Оның бет терісіне арналған емдік қасиеттеріне мыналар жатады: Түймедақ терінің қызаруы мен тітіркенуін азайтуға көмектесетін қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Түймедақтың құрамында бет терісіндегі ылғалды сақтауға көмектесетін табиғи ылғалдандыратын қасиеттер бар. Бұл әсіресе қосымша ылғалдандыруды қажет ететін құрғақ немесе сусызданған теріге пайдалы. Түймедақ құрамында флавоноидтар сияқты антиоксиданттар бар, олар теріні бос радикалдар мен қоршаған ортаның әсерінен қорғауға көмектеседі. Бұл бет терісінің ерте қартаю мен зақымдануын болдырмауға көмектеседі. Түймедақ терінің сауығу үрдісін және жасушалардың регенерациясын жеделдетуге көмектеседі. Бұл әсіресе ұсақ жараларды, абразиялар мен безеулерді емдеуге және терінің өрескел жерлерін жұмсартуға пайдалы. Түймедақтың антисептикалық қасиеттері бар, олар бет терісінің тесіктерін тазартуға және олардың мөлшерін тарылтуға көмектеседі. Бұл терінің сау және тегіс көрінуіне ықпал етеді.

Календула (Қырмызыгүл) емдік қасиеттері үшін бағаланады, дәстүрлі және заманауи медицинада кеңінен қолданылады. Календуланың негізгі емдік қасиеттері: Календула құрамында қабынуды азайтуға көмектеседі, жараларды, күйіктерді және әртүрлі жәндіктердің шағуын емдеуде пайдаланады. Календула бактериялар, вирустармен күресу қабілетіне ие, бұл оны инфекциялардың алдын алу мен емдеуде тиімді етеді. Календула тері тіндерінің регенерациясын ынталандырады, жаралардың тез жазылуына ықпал етеді. Календуланы қолдану бет терісінің тітіркенуін азайтуға және қышуды басуға көмектеседі.

Алоэ вера — емдік қасиеттерімен танымал өсімдік. Бұл өсімдіктің жапырақ целлюлозасында полисахаридтер, антоксантиндер, антракинондар, флавоноидтар, дәрумендер мен минералдар сияқты көптеген пайдалы заттар бар. Алоэдің негізгі емдік қасиеттерінің арасында мыналарды айтуға болады: Алоэ вера инфекциялар мен қабынулармен күресуге көмектесетін күшті бактерияға қарсы қасиеттерге ие. Алоэ вера құрамында иммундық жүйені нығайтатын және денені әртүрлі инфекциялардан қорғайтын полисахаридтер бар. Алоэ вера- бет терісінің күйін жақсартуға, қабынуды азайтуға және жараларды емдеуге көмектесетін табиғи ылғалдандырғыш.

Жожоба — зәйтүн тұқымдасынан шыққан өсімдік. Бұл өсімдіктің бет терісін ылғалдандыратын және жұмсартатын қасиеттеріне байланысты косметика өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Жожоба майының құрамында теріні ылғалдандыруға, жұмсартуға және терінің жалпы жағдайын жақсартуға көмектесетін дәрумендер, минералдар және май қышқылдары бар. Жожоба майы әжімдерді тегістеуге көмектеседі және құрғақ терімен тиімді күреседі. Оның құрамында коллагенге ұқсас амин қышқылы бар. Бұл ақуыз терінің серпімділігі мен балғындығын береді. Құрамында антиоксидант болып табылатын жоғары концентрациядағы Е дәрумені бар. Бұл әжімдерді болдырмауғы көмектеседі.

Кокос майы терінің табиғи ылғалдылығын сақтау қасиеттеріне ие. Ол терінің терең қабаттарына еніп, ылғалды ұстап, оның құрғауын болдырмайды, бұл әсіресе құрғақ және сусызданған теріге пайдалы. Кокос майындағы май қышқылдарының бай мөлшері теріні нәрлендіруге көмектеседі және оны жұмсақ әрі тегіс етеді. Ол сондай-ақ терінің табиғи жағдайын нығайтуға яғни оны қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Кокос майының құрамында бактерияға қарсы қасиеттері бар лаурин қышқылы бар. Бұл безеуді және терінің басқа да қабыну проблемаларын тудыратын бактериялармен күресуге көмектеседі. Кокос майын бет терісіне үнемі қолдану оның балғындығы мен серпімділігін жақсартуға әсер етеді. Бұл терідегі коллаген талшықтарын нығайтып, оны серпімді етіп, әжімдердің пайда болуын азайтады. Кокос майында теріні ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектеседі.

Бал — теріге арналған тамаша ылғалдандырғыш. Ол терінің терең қабаттарына еніп, ылғалды сақтайды және дегидратацияның алдын алуға көмектеседі. Бал бос радикалдармен күресуге және терінің қартаю үрдісін баяулатуға көмектесетін құрамында антиоксиданттар бар табиғи зат. Балдың қабынуға қарсы қасиеттері бар, ол терінің қабынуын және тітіркенуін азайтуға, сондай-ақ тітіркенген жерлерді тыныштандыруға көмектеседі. Бал антисептикалық қасиетке ие және жараларды емдеуге, терінің зақымдалмауына ықпал етеді. Бал бет терісін  бактериялар мен бет терісіндегі жасушыларды кірден тазартуға көмектесетін қасиеттерге ие. Бал құрамында пигментацияны жеңілдетуге және терінің өңін жақсартуға көмектесетін табиғи жеміс қышқылдары бар.

НЕЛІКТЕН ТЕК ҚАНА ЛОРД ҚЫРЫНУҒА АРНАЛҒАН САБЫНЫН ТАҢДАУ КЕРЕК!?

Бүріккіш бөтелкелердегі гельдер мен қырыну көбіктерінде адам ағзасына қауіпті әртүрлі химиялық заттар болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері: Пропеленттер (үдеткіш газдар): өнімді балоннан (бөтелкеден) шығару үшін қолданылады. Көбінесе бұл бутан, изобутан немесе пропан заттары, олар ағзаға зиянды болуы мүмкін. Парабендер: аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін, ал  консерванттар гормоналды тепе-теңдіктің бұзылуының себепшісі болуы ықтимал.

Натрий лаурил сульфаты (SLS) және натрий лаурил сульфаты (SLS): беттік белсенді заттар болып табылады және де тері мен көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Жасанды хош иістер мен бояғыштар аллергиялық реакциялар мен терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін. Триклозан: бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін арттыруға септігін тигізетін зат. Кейбір көбіктерде өте қауіпті заттар  болуы мүмкін, олар: диетаноламин (DEA) және бутилфенилметилпропионал. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, DEA тері жасушаларының теріс реакциясын тудырады. Ал бутилфенилметилпропионал репродуктивті жүйеге зиянды.

Басқаша айтқанда, осы күнгі заманауи жасанды көбікпен, гельмен немесе жасанды креммен қырыну өзіңізді токсиндермен көбіктендіруді білдіреді. Құрамындағы фталаттар иммундық жүйе мен миға әсер ететін гормондардың жұмысын бұзуы мүмкін. Триэтаноламин бұл  респираторлық токсикант. Бұл заттарды ұзақ уақыт қолданғанда осы токсиндердің тұрақты әсерінен ағзаны әртүрлі ауруларға осал етеді. Ал натрий бензоаты болса, ол  өнімнің сақтау мерзімін ұзартуға арналған консервант. Бұл адам терісін құрғатып, соның нәтижесінде әр түрлі ыңғайсыздықтарды  тудыруы мүмкін. Енді бүріккіш бөтелкелердегі гельдер мен көбіктеріндегі токсиндер туралы. Адам терісіндегі тесіктер арқылы теріге жағылған кез-келген зат тікелей қанға түседі. Мысалы, адам терісін, шашын  күнделікті жеке күтім үшін заттарында  әртүрлі химиялық заттар бар екені  туралы айтудың да қажеті жоқ.

Сарапшылардың айтуы бойынша, косметикада қолданылатын химиялық заттардың шамамен 20% — ы қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін. Біз өзіміздің бет терімізді тітіркенуіне және инфекцияларға сезімтал етіп қана қоймаймыз, сонымен қоса осы химиялық заттардың әсерінен ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өмірлік маңызды қорғаныс механизмдеріне қауіп  төндіреміз.

Бүріккіш бөтелкелердегі гельдер мен көбіктер бет терісіндегі ылғалды алады, сондықтанда қырынған кезде  ұстараның сырғуы нашарлайды. Бұл бет терісіне зиян және де ұстараның өтпей қалуына әкеледі. Көбік пен гельдің пропеленттері зиянды ал кейбір кезде улы газдар бөлуі мүмкін. Бүріккіш бөтелкелердегі көбік немесе көбік тәрізді заттар  изобутанмен толтырылған, сондықтан бұл улы газдар қырыну кезінде теріңізге тиеді.

Айтылған заттарды қолданып жүрсеңіз химия мамандарының нұсқауларын орындаңыз. Мұндай өнімдерді пайдаланған кезде өте ұқыпты болуларыңызға шақырамыз. Егер сіздің бет теріңіз сезімтал немесе аллергияға бейім болса, онда тек табиғи ингредиенттері бар өнімдерді таңдаған жөн.

СОНДЫҚТАН ДА АҚЫЛДЫ АДАМНЫҢ АҚЫЛҒА ҚОНЫМДЫ ТАҢДАУЫ БҰЛ — «LORD» ҚЫРЫНУҒА АРНАЛҒАН САБЫНЫ. ӨЙТКЕНІ ОНЫҢ ҚҰРАМЫНДА БОЯҒЫШТАР ҚОСЫЛМАҒАН ТЕК ТАБИҒИ ИНГРЕДИЕНТТЕР БАР.

ҚЫРЫНУҒА АРНАЛҒАН САБЫНДЫ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ

1. Бетіңізді дайындаңыз. Беттегі қылтықты және бет терісін жұмсарту үшін бетіңізді жылы сумен жуыңыз.

2. Көбік жаққышты жылы сумен сулаңыз. Көбік жаққышты қырынуға арналған сабынына сабындасаңыз көпіршік пайда болады.

3. Көбік жаққышпен пайда болған көпіршікті қырынатын бетіңізге көбік жаққышты бетіңізге тигізіп, айналдыра көпіршікті жағыңыз. Қырынатын бетіңіздің үстіне көпіршік толығымен жағылуы тиіс.

4. Ұстараны алып, оны бет терісі қылтықтарының өсу бағытында ақырын жүргізіп, қырыныңыз.   Қозғалыстарыңыз жұмсақ, біркелкі және қысқа болуы тиіс.

5. Қырыну кезінде ұстараның жүзі бітеліп қалмас үшін қажетінше ұстараны жылы су ағынының астында шайыңыз.

6. Қырынудан кейін қалған көбікті жылы сумен шайыңыз. Қаласаңыз, бетіңізге лосьон немесе бальзам жағуға болады.

7.  Көбік жаққышты сабын қалдықтарынан ағынды сумен шайыңыз. Оны құрғатыңыз.

Осы нұсқауларды орындаңыз, сонда сіз қырынуға арналған сабынымен тегіс әрі таза қырына аласыз.

Сәттілік тілейміз!

НЕЛІКТЕН КҮНДЕЛІКТІ ҚЫРЫНУ КЕРЕК

Ерлер үшін қырыну мәселесі көптеген көзқарастар мен пікірлерді тудырады. Кейбір адамдар қырыну бұл өзін-өзі күту мен ер адамның кәсіби әрі қызметтік лауазымының көрінісінің белгісі деп санайды. Басқалары бұл жай ғана жеке адамның  қалауы деп біледі. Тарихи тұрғыдан қырыну ерлердің өзін-өзі күтуі мен мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.

Жалпы, қазіргі әлемде адамның сыртқы келбеті оның өмірінің әлеуметтік және кәсіби жақтарына ықпал ететіні сөззсіз. Ерлер үшін күнделікті қырыну жеке гигиенаның бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде, жұмыста өздері туралы тартымды көріністі қалыптастырудың амалы да болуы мүмкін.

Күнделікті қырыну көбінесе ұқыптылықпен әрі мансаптылықпен байланыстырылады.  Бизнес, құқық қорғау органдары немесе әскери құрылымдар сияқты көптеген салаларда таза қырынған адам тәртіптілікті және ұқыптылыққа аса дең қойатын тұлға ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, үнемі қырыну терінің гигиенасын жақсартуға, өлі жасушаларды кетіруге және керексіз қылтық пен шаштың өсуіне жол бермейді. Ол сондай-ақ тері инфекцияларының даму қаупін азайтады және терінің жалпы жағдайын жақсартады.

Әртүрлі әлеуметтік нормалар мен қалыптасқан көзқарастар ерлердің жүріс тұрысы мен сырт-пішінінің белгілі бір нормаларға сай болуына әсер етеді. Сондықтанда күнделікті қырыну ерлердің өзі туралы қоғамда жақсы ой-пікір мен  жоғары деңгейдегі  жеке имидждерінің қалыптасуына әсер етеді.

Күнделікті қырыну ер адамдарға өз стилі мен бейнесімен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Олар өздерінің көңіл күйі мен жағдайларына байланысты әртүрлі бейне үлгісіндегі образда елге өздерін көрсетуге мүмкіндіктері бар. 

Күнделікті қырыну туралы шешім әр адамның жеке ісі және әр адамның өз құндылықтарына, өмір салтына байланысты таңдау болып табылады.

«LORD» тек қырыну сабыны емес. Бұл күтім рәсімі, әр қимылға деген сенімділік және күн сайын мінсіз нәтиже. «LORD»-ты таңдағанда, сіз сапаны таңдайсыз.

Сіздің күнделікті күтімміздің мінсіз стандарты «LORD» -ты   таңдағаныңыз үшін рахмет.

© 2025 www.milobritva.kz

Тел. 8 707 375 3518